04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Шымкент: Батыр анаға баспана сыйлады

Шымкент: Батыр анаға баспана сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының Бозарық мөлтек ауданында «Ел үлесі – пәтер» акциясы аясында 505-баспана кілті 7 перзент сүйген батыр анаға берілді.

Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған дін қызметкерлері, айтысқар ақын Ақмарал Леубаева, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері мен «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.

Баспанаға мұқтаж жеті перзент өсіріп отырған батыр ана Махабат Құрбановаға тосын сый ретінде бас имам Бақдәулет Нұрматұлы баспана кілтін табыс етіп, өміріне береке тіледі.

Сапалы етіп салынған үй күнделікті тұрмыстық қажетті заттармен және газ, су т.б. қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, осы игі іске Абай мен Қаратау аудандық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері тікелей өз үлестерін қосты. «Игі бастамаға қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарымызға Алла Тағала разы болсын! Қоныс құтты һәм берекелі болсын!» деп ұйымдастырушылар ақжарма тілегін жеткізді.

Бөлісу: