17
Жұма,
Мамыр

һижри

Маңғыстауда «ислам және қоғам» курсы өтті

Маңғыстауда «ислам және қоғам» курсы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі мен «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы»  әйел жамағаты арасында үш айлық «ислам және қоғам» курсын өткізді. Аталмыш курстың бағдарламасы алдын ала дайындалып қойылатын талаптары мен курс барысы жайлы жамағатқа ақпараттандырылды.

Осы ретте «ислам және қоғам» курсын облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Азамат, Төлепов, Казиева Ақмарал және  Мухамбетова Динара жүргізді.

Курсқа қатысушылар дәстүрлі ислам құндылықтары имам Абу Ханифа сенімі, иман шарттарына жалпы түсінік, ислам теологиясы, исламдағы теріс ағымдар, дін және қоғам, қоғамдық құндылықтардан ажыру – радикалдануға апарар жол, ҚР аумағында тыйым салынған діни ұйымдар, діни әдебиеттер және уағызшылар, дін мен дәстүр, ислам және психология, адамның темперамент типтері, мінез қырлары, деструктивті діни ағымдардың интерпретациясы, теріс ағымды жақтаушылардың психологиялық әсер ету әдістері, стресстің алдын алу жолдары, эмоционалды интеллект,  исламдағы бала тәрбиесі мен әйел психологиясы,  ихсан ілім, исламдағы  әдеп және өзге тақырыптар бойынша семинар-тренингтар жүргізілді.

Бөлісу: