28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Алматы мен Шымкент қалаларынан Мәдина шаһарына тікелей чартерлік авиарейс ашылады

Алматы мен Шымкент қалаларынан Мәдина шаһарына тікелей чартерлік авиарейс ашылады

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы және Шымкент қалаларынан қасиетті Мәдина (Саудия) шаһарына тікелей чартерлік авиарейс ашылады.

Бұл жайында islam.kz порталы Tengritravel.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта 2021 жылдың желтоқсан айының 29-нан бастап, 10 күнде бір мәрте, сәрсенбіде SCAT әуе компаниясының ұшақтары қатынайды. Ал Шымкент – Мәдина бағыты бойынша 2022 жылдың қаңтар айынан бастап, аптасына екі рет қатынайды. Бұл бағыттағы рейсті Boeing 737 тектес әуе кемесі орындайды. Рейс туроператорлардың тапсырысы бойынша, алайда, ұшу уақыты кесте бойынша орындалады. Билетті туроператордан сатып ала аласыз. Осы тұста осы жылдың қараша айының орта шенінен бастап, SCAT әуе компаниясының ұшағы Алматы-Жидда бағыты бойынша аптасына бір мәрте қатынап жүргенін айта кетпекпіз. Саудияға сапар шеккіңіз келсе, міндетті түрде туристік виза алуыңыз керек. Саудиядаға саяхаттағысы келетіндер міндетті түрде Sinopharm немесе Sinovac екпесінің екі дозасын алуы тиіс – бір шартпен: саяхатшылар аталған араб елінде мақұлданған Pfizer BioNTech немесе Comirnaty, Oxford AstraZeneca, Covishield, SK Bioscience или Vaxzevria, Moderna немесе Spikevax, Johnson & Johnson екпелерінің бір дозасын қосымша алуы тиіс. Екпе алғандардың өзі ПЦР-тес тапсырады. Егер сіздің алған екпеңіз аталған елде мақұлданбаған болса немесе мүлде екпе алмасаңыз, барған бетте бес күн карантинде боласыз әрі әр бес күн сайын ПЦР-тест тапсырып тұрасыз.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: