27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алматыда марқұмдардың рухына дұға оқылды

Алматыда марқұмдардың рухына дұға оқылды

Жаңалықтар
Жарнама

Кеше елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы имамдары Құран хатым жасады. Шараға шаһардың барлық имамдары үн қосып, қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран хатым бағыштады.

Алматы орталық мешітінде найб мүфти Кенжеәлі қажы Мырзабаев пен Бас имам Төлеби Оспанның қатысуымен Құран хатым дұғасы жасалып, Отан қорғау жолында опат болған сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың рухына арнайы бағышталды. Еліміздің туы төмен түсіріліп, күллі Қазақстан халқы қайғыға шомған азалы күнде марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр сұрап, Жаратушы Алладан жақсылық тіледі.

Найб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы өз сөзінде: «Бас мүфти бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде ерлікпен қаза тапқандардың рухына Құран хатым бағышталуда. Біз де бейбіт күнде бүлікшілердің кесірінен қайтыс болған жандардың рухына дұға жасадық. Артында қалған ағайынға қайғырып көңіл айтамыз», - деді.

Сондай-ақ, Бас имам Төлеби Оспан:

«Алматы тұрғындары ауыр сынақты бастан кешуде. Осы сынақты еңсеру үшін бізге ауызбіршілік пен ынтымақ керек. Қала имамдары ауруханалар мен ел тыныштығын күзеткен әскерилерге ыстық тамақ жеткізіп беруде. Баршаңызды ел тыныштығын сақтауға шақырамын», - деп алматылықтарды бірлікке шақырды. 

Ибраһим пайғамбардың дұғасында айтылғандай, Алла Тағала елімізді бейбіт, тыныш мекенге айналдырғай. Халқымыздың рызық-несібесін мол етіп, адалынан бергей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әумин.

дереккөз: Алматы орталық мешітінің Баспасөз қызметі

Бөлісу: