29
Жұма,
Наурыз

һижри

Шымкент: Кіші қажылыққа қатысты курс өтті

Шымкент: Кіші қажылыққа қатысты курс өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Шымкент орталық мешітінде қасиетті кіші қажылық сапарына ниет етушілерге арналған қысқа мерзімді «Ұмра Қажылық тағылымы» атты курс жұмысы  онлайн және офлайн түрде ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған курс барысында қажылық бағытына жауапты Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен «Tawaf Travel» қажылық компаниясының жергілікті өкілі Азамат Әбдікерімұлы, сондай-ақ ұстаз Ақтөре Тұрапбай  қасиетті сапар талаптарын түсіндіріп, дәріс оқыды.

«Мақсатымыз – қажылыққа ниет етушілерге толық ақпарат беріп, құлшылық амалдарын сауатты әрі дұрыс орындауына жағдай жасау. Естеріңізде болса, былтыр Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Қажылық және ішкі туризм оқу орталығы» ашылған болатын. Енді осы орталық арқылы ұмра қажыжылыққа ниет етуші азаматтарға дәрістер ұйымдастырылып тұрады» дейді наиб имам М.Естемір.

Бөлісу: