29
Жұма,
Наурыз

һижри

Алматы: Имамдар қауіпсіздік мәселесін талқылады

Алматы: Имамдар қауіпсіздік мәселесін талқылады

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төтенше жағдайға байланысты берген тапсырмаларын жүйелі жүзеге асыру мақсатында Алматы өкілдігінде арнайы жиналыс өтті. Оған қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы мен орталық мешіт қызметкерлері, сондай-ақ шаһар имамдары қатысты.

Күн тәртібінде төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен қауіпсіздік мәселелері айтылды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мемлекет тарапынан зардап шеккен қарапайым халық, тұрғындар үшін ашылған қорға имамдар бір күндік жалақысын аудару жайлы бастамасына Алматы имамдары да қолдау білдірді.

Бас имам Төлеби Дәділұлы қиын-қыстау кезең туғанда алғашқылардың бірі болып медицина мамандары, әскерилер мен көше тазалықшыларға ыстық тамақ пен ас-су жеткізіп беруде белсенділік танытқан аудан имамдары мен дін қызметкерлеріне, мешіт жамағаттарына Бас мүфти атынан және өкілдік атынан алғысын айтты.

Ел бойынша #күшімізбірлікте хештегімен басталған акция мен қайырымдылық жұмыстарына қала мешіттерінің де атсалысуына шақырды. Бас имам қиындыққа тап болған қала халқына демеу болып, бірлік пен ынтымаққа бастау керек екенін алға тартты. 

Бөлісу: