29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

100 мың мешіттің цифрлы картасы жасалады

100 мың мешіттің цифрлы картасы жасалады

Жаңалықтар
Жарнама

Мысыр билігі ел аумағындағы мешіттердің цифрлы картасын жасауды ұйғарып отыр.

Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пирамидалар еліндегі мешіттердің қарасынің өзі 100 мыңнан асып жығылады. Аталған елде мешіт адам көп жиналатын орын болғандықтан олардың электронды картасын жасаудың бірнеше пайдасы бар. Соның ішінде әлеуметтік, діни, тіпті, саяси, денсаулық сақтау үшін маңызы бар қадам. Soutalomma.com дереккөзінің келтірген мәліметі бойынша осы жобаға жауапты министрлік елдің картографиялық ұйымымен арнайы келісімге келген – мешіттердің орналасқан аумағы туралы мағлұматтарды жинау, цифрлы платформадағы орнын белгілеу, т.б. Ең бастысы, цифрлы карта іздеген адамға мешіттерді оңай табуға көмектесіп қоймай, сонымен қатар, мұсылмандардың құлшылық үйлері туралы деректерді электронды жолмен құжаттауға, мемлекет мүлкін тиімді пайдалануға, кез келген оқыс оқиғаларды бақылауға мүмкіндік береді.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: