20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

СҚО: Қалалық мешітке наиб имам тағайындалды

СҚО: Қалалық мешітке наиб имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

Петропавлдағы «Қызылжар» қалалық мешітінде білімді мамандар қатары толықты.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Нұрлан Магомедов наиб имам қызметіне тағайындалды.

Бүгін қасиетті жұмада жаңа дін қызметкерін өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жамағатқа арнайы таныстырды.

Нұрлан Расулұлы – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1980 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Ливия мемлекетінің Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетін «Араб тілі және исламтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдары облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде азаншы қызметін атқарған. Құранды толық жаттаған қари. 

«Ендігі міндет – өңірдің діни ахуалын жақсарту үшін аянбай қызмет ету» деген облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы дін қызметкеріне сәттілік тіледі.

Бөлісу: