18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Шымкент: Намаз үйрену орталығы ашылды

Шымкент: Намаз үйрену орталығы ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Шымкент қаласының мешіттерінде «Намаз үйренейік» рухани орталығы ашылды.

Рухани бағытта қолға алынған жобамен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов арнайы танысып, жоғары бағасын берді. Дін қызметкерлеріне игі бастаманы әрі қарай жетілдіру туралы нақты міндеттемелер жүктеді.

«Рухани жобада жаңадан намаз үйренуші азаматтарға Әбу Ханифа мәзһабы негізінде толық ақпарат беріліп, намаз үйрену жолдары мен тәріптері тәжірибе түрінде үйретіледі. Бұл бастама азаматтарымызды түрлі кереғар діни ағымдардан сақтандыру мақсатында қолға алынды» дейді наиб имам Мұхамеджан Естеміров.

Айта кетсек, «Намаз үйренейік» рухани орталығы қаладағы барлық мешіт имамдары тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Намаз үйренушілерге көмекші құрал ретінде ҚМДБ Діни сарапаттамасынан өткен «Намаз үйренейік» кітабы баспадан мол таралыммен шығарылып, талаптанған жамағатқа үлестіріледі.

Бөлісу: