02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Тараз қаласында жаңа мешіт ашылды

Тараз қаласында жаңа мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Тараз қаласына қарасты Көлтоған шағын ауданында жаңа мешіт ашылды.

Қысқа мерзімде бой көтерген, сәні мен салтанаты келіскен зәулім Алла үйі жалпы жамағатқа қасиетті жұма күні есігін айқара ашты. Ашылу салтанатында сөз бастаған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рустем Рысбайұлы өз сөзінде: «Алланың мешіттерін тек Аллаға, Ақырет күніне иман келтіретін, намазды толық орындап, зекет беретін, Алладан басқадан қорықпайтын жандар ғана салады» деген Құран аятын жеткізіп, Алла үйін жер бетінде тұрғызған Муминовтар отбасына алғысын білдірді.

Бұл Тараз қаласындағы ашылып отырған отыз алтыншы мешіт. Алла үйінің құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған болатын. Жылға жетпей нысанды ел игілігіне берген ер-азаматтардың еңбегі ескеріліп, елге жария етілді. ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы мерейтойда сөз сөйлеп, мешіт құрылысының басы-қасында табылған азаматтарға алғыс хат табыстады.

Жиналған көпшілікке дастархан жайылып, ас берілді. Ауылда сәулеті келіскен Алла үйінің көтерілуіне септік тигізген азаматтарға ауыл тұрғындары ризалықтарын білдіріп, шапан жауып, ат мінгізді.

Жаңа құлшылық үйінің атауы соғыс ардагері қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан, Айша бибі кесенесін қалпына келтіру ісіне қомақты қолдау көрсеткен абыз ақсақал «Усмонжан баба» атымен аталған. Құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен тұрғызылған мешіттің 4 мұнарасы бар. Жаңа мешіт имандылықтық темір-қазығына айналсын деп алғыс жаудырған ауыл ақсақалдарының қуанышы ерек. 

Бөлісу: