10
Жұма,
Мамыр

һижри

Наиб мүфти ЖАНТ мүшелерімен кездесті (фото)

Наиб мүфти ЖАНТ мүшелерімен кездесті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент орталық мешіті жанындағы Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерімен кездесті.

Кездесу аясында қалалық шариғат және пәтуа саласына жауапты Исламқұл Иманқұлы мен қалалық діни оңалту бағытының жетекшісі Дастан Желеуов алда атқарылатын жұмыстар жайлы баяндады.

Кездесуде Сансызбай қажы Құрбанұлы ЖАНТ мүшелеріне жат ағымдармен жұмыс барысы мен уағыз-насихат жүргізу тәртібі, пәтуа беру ережесі секілді күрделі мәселелерді түсіндірді.

Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов  ұстазға алғыс айтып, ризашылық білдірді.

Бөлісу: