02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Жамбыл: Жамағат имамға ұмраға жолдама сыйлады

Жамбыл: Жамағат имамға ұмраға жолдама сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналған көпшілік Тараздағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы, қари Қасымжан Бектаевқа ұмра қажылығына жолдама сыйлады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы және мешіт жамағатының ұйытқы болуымен бір тәулік ішінде көптеген игі жанның, жамағаттың атсалысуымен Қазақстанның әр түкпірінен 800 000 теңге жиналды.

Көпшіліктің бас қосуында Нұралы Бақытұлы сөз сөйлеп, ұлы сапарға жолдаманы қари имамға табыс етті. Мұндайды күтпеген Қасымжан қари Аллаға шүкірлік пен жамағатқа алғысын білдіріп, өз әсерін бөлісті.

Осындай керемет жаңалықты естіген имамның әкесі қуаныштан көзіне жас алды. Мұны көрген қаридың інісі Қанат әкесін де қосып қажылыққа жіберетінін айтып сүйіншіледі. «Ол Алланы сүй жаннан тәтті» деп Абай атамыз айтқандай, жас жігіттің әкесінің көңілін екі есе қуантқаны тағы сүйсіндірді.

«Жақсылыққа жол сілтеуші, сол жақсылықтың сауабын алады» дейді шариғатымызда. Жамағат та Қасымжан имамға қосылып әкесінің бірге баруына қолғабыс болуда.

Бөлісу: