03
Жұма,
Мамыр

һижри

Алматы: 90 Құран Хатым батасы жасалды

Алматы: 90 Құран Хатым батасы жасалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде Құран Хатым дұғаларын жасау қолға алынды.

"Бұл Кітап-онда күмән жоқ, тақуалар үшін жолбасшы",(Бақара  1-2 аяттар).

Алматы қаласы Орталық мешітінің әйел жамағатынан құралған "Асыл аналар" тобы "Әр күні бір Хатым" жобасы бойынша бір күнде бір Құран Хатым шығаруды әдетке айналдырған. Сол топтар 10 ақпан күні Алматы қаласы Орталық мешітінде ұстаз Гүлмира Ілесбайқызының ұйымдастыруымен 90 Құран Хатым батасы жасалды.
Имам әд-Дарами Хумайд әл-Ағраждың: "Кімде-кім Құранды оқып, дұға тілесе  төрт мың періште оның дұғасына әмин деп айтады", - деп айтқанын жеткізеді. 
Алматы Орталық мешітініңі асыл аналары елімізге тыныштық, жерімізге амандық тілеп дұға жасады.

Сахаба Әбу Сағид әль Худриден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: Ұлық Жаратушы Алла Тағала: "Құранға кім менен сұрап тіленуге қолын тигізсе (яғни Құран оқумен айналысса) мен оған сұрап тілегендерге берілетіннің ең абзалын беремін", - дейді. Ақ жаулықты аналар дұғасы қабыл болсын!

дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: