01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Қызылорда: Мешіт шәкірттері білімін сынады

Қызылорда: Мешіт шәкірттері білімін сынады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында «Сенімге селкеу түспесін» білім сайысы өтті.

Қала мешіттерінің шәкірттерінен құралған 11 команда «Иман негіздері кітабы» бойынша білімдерін ортаға салды. Үш кезеңге бөлінген сайыс шартына сәйкес қатысушы топтар кітап мәліметтерінен құрастырылған түрлі форматтағы сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруі тиіс.

Білім жарысында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Ш.Сәдуов, қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы А.Жұбанов және сектор жетекшісі А.Жексенов төрелік етіп, бағалау көрсеткіштері бойынша оза шапқан І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары «Нұр», «Айтбай» және «Мүбәрак» мешіттерінің командаларын марапаттады.

Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтарды қанжығаларына байласа, қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Бөлісу: