28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«IMuslim» мобильдік қолданба іске қосылды

«IMuslim» мобильдік қолданба іске қосылды

Жаңалықтар
Жарнама

Елорда жастарынан құралған «IMuslim» тобы жақында Қазақстан мұсылмандары үшін қажеттілігі өте зор мобильдік қолданба дайындап шығарды. Топтың атауына сәйкес «IMuslim» деп аталған мобильдік қолданба Android және iOS құрылғыларына лайықталып жасалған. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Қолданбада намаз кестесі, құбыла және Құран тыңдау сияқты стандартты функциялардан басқа, мұсылман жамағатының күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып, ең жақын мешіт немесе намазхана іздеу функциясы, халал ұйымдарды, қаладағы ең жақын халал кафелер мен мейрамханалардың, дүкендердің, діни заттар мен ислам әдебиетін сату нүктелерінің тізімі мен мекенжайлары көрсетілген.

Аты-жөндері аталмауын сұраған «IMuslim» тобының мамандары қолданбаны ай сайын жаңартып, жаңа функциялар қосу үстінде екенін жеткізді. «Жақында ғана ислам қабылдаушыларға арнап біз «Намаз үйрену», «Шаһада», «Мұсылман қорғаны», «Тәжуид үйрету» бөлімдерін қостық», – дейді олар.

«Біздің қолданбамыз белсенді түрде дамып келеді, біз қолданбаны күнделікті діни тәжірибеде сіздің серіктесіңіз және көмекшіңіз ету үшін күн сайын жұмыс істейміз. Жақында біз «Рамазан» бөлімі және қосымша қызықты функцияларды қосамыз. Белсенді түрде дамып келе жатқан «Қайырымдылық» бөлімі халық игілігі үшін жұмыс істейтін болады», – деп Рамазан қарсаңындағы жоспарларымен де бөлісті.

ҚОЛДАНБАНЫ ЖҮКТЕУ ҮШІН:

Android қолданбасы:
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.zoom.imuslim

iOS қолданбасы:
https://apps.apple.com/kz/app/imuslim/id1572608779

дереккөз: muslim.kz

Бөлісу: