17
Жұма,
Мамыр

һижри

Алматы: «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы жарық көрді

Алматы: «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы жарық көрді

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде "Рамазан жоспары" тақырыбында брифинг өткізді.

Оразаның алғашқы күні жұма намазынан кейін қала мешіттерінде «Оразаға қатысты сауалдарға жауап беру алаңы» деген атпен жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру шарасы өткізіледі. Алматы өкілдігі «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» атты кітапшасын «Muftyat» баспасынан шығарып, оқырмандарға ұсынып отыр. Рамазанға қатысты сұрақтар қамтылған кітапша қала мешіттерінде қазақ тілінде 10 000 дана, орыс тілінде 5000 данамен тегін таратылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 15 000 тиражбен ораза кестесі және 5000 тиражбен қысқаша ораза нұсқаулығы қамтылған брошюралар тегін таратылмақ.  Бұл туралы қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы брифингте мәлімдеді.

Бөлісу: