14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Елорда мешіттерінің Рамазанға дайындығы пысықталды

Елорда мешіттерінің Рамазанға дайындығы пысықталды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жалпы жиналысы өтіп, елорда мешіттерінің қасиетті Рамазан айына дайындығы пысықталды.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жалпы жиналысқа 12 мешіттің бас имамдары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Алқалы жиында Елорда имамдары Рамазан айына байланысты бекітілген жұмыс жоспарын тағы бір пысықтап, әр мешіттің дайындығы туралы баяндады. Сондай-ақ, рамазан айы кезінде мешіттердегі тазалық пен санитарлық-сақтық шаралары, ауызашар дастархандарын ұйымдастыру, қайырымдылық жұмыстары секілді бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Иғтикаф мәселесі мен сұрақ-жауап бойынша кезекшілік кестесі де бекітілді.

дереккөз: muslim.kz

Бөлісу: