04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Жамбыл: Рамазан айында ұмраға жолдама алды

Жамбыл: Рамазан айында ұмраға жолдама алды

Жаңалықтар
Жарнама

Қажылыққа бару – әрбір мұсылманның арманы. Әрі қажылыққа Алла пендесін өзі шақырады. Қасиетті сапарды армандап жүргенде тосыннан баратын болып шықсаңыз қандай күйде боласыз?

Міне, дәл осылай тосыннан Алланың қалауымен болған шақыртуға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны қуаныштан жүрегі елжілеп қоя берді. «Мойынқұм» мешіті жамағаты тарапынан Сәбит Арманұлына ұмра қажылық жолдамасы ұсынылды.

Қасиетті рамазан айының алғашқы күнінде берілген мұндай сыйлықты күтпеген Сәбит Арманұлы мешіт жамағаттарына шынайы ықыласпен алғысын білдірді.

«Алла жазса,  Алдағы уақытта да осындай ізгі іс-шаралар жалғасын таба береді деп сеніммен айта аламыз» дейді жолдаманы табыстаған Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы.

Бөлісу: