30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Таразда 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

Таразда 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

Жаңалықтар
Жарнама

Қасиетті Рамазан айында сауаптар 10 еселенеді. Ендеше, бұл айда жасалған әрбір игі амал ерекше. Осындай жақсылықтың бірі облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде орын алды. 

«Рамазан қоржыны» деп аталатын ауқымды қайырымдылық науқанында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыға көмек ретінде азық-түлік таратылды.

Орталық мешіт имамдарының ұйымдастыруымен жасалған іс-шараға Дәулет бауырымыз бен жанұясы демеушілік жасады. Қайырымдылықты анасы марқұм Бейбіт Тілеуқызына арнап, марқұмға сауабы тисін деп дұға жасады. 

Арнайы тізім бойынша шақыртылып, көмек алуға жиналғандардың алдына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев шығып, Рамазан айымен құттықтап сөз сөйледі. 

Бөлісу: