06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Серікбай қажы Ораз жаңа қызметке тағайындалды (фото)

Серікбай қажы Ораз жаңа қызметке тағайындалды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мешіт жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын таныстырды.

Бас мүфти бұйрығында: «Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 15 сәуірінен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры қызметін сақтай отырып, «ҚМДБ» Республикалық ислами діни бірлестігі филиалы, Алматы қаласы Медеу ауданындағы «Райымбек батыр» мешітінің бас имамы болып тағайындалсын», - делінген.

Серікбай қажы Ораз 2017-2020 жылдары ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти қызметін атқарса, 2020 жылдың 6 наурызынан бастап ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ Бас мүфти бұйрығымен ұзақ жылдар «Райымбек батыр» мешітінде бас имам қызметін атқарған Тәттібаев Мәди Серікұлы «ҚМДБ» РДИБ филиалы Алматы қаласы Медеу аудандық «Омар ибн Хаттаб» мешітіне наиб имам болып тағайындалды. Мешіт ақсақалдары қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, алғыс айтты.

Бөлісу: