17
Жұма,
Мамыр

һижри

Сыр мешіттері 700 отбасыға «Рамазан қоржынын» сыйлады

Сыр мешіттері 700 отбасыға «Рамазан қоржынын» сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бастау алған игі істің бірі – «Рамазан қоржыны» республикалық акциясына Сыр мешіттері де үн қосуда.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен акция барысында аймақ мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаты айдың алғашқы жартысында азық-түлік себетін таратып, жалпы 700 шаңыраққа қуаныш сыйлады.

Рамазан – рақым мен ізгілік айы. Ораза ұстаудағы тағы бір мақсат – мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділік таныту. Сондықтан жыл сайын дәстүрге айналған бұл жоба берекелі айдың соңына дейін жалғаса бермек.

Бөлісу: