14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Әйел-қыздар секторы «Ауызашар бокстарын» таратты (фото)

Әйел-қыздар секторы «Ауызашар бокстарын» таратты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен елорда тұрғындарына «Ауызашар бокстары» таратылды.

Сектор меңгерушісі Динара Нұрғалиеваның айтуынша демеушілердің қолдауымен бас қаланың адам көп жүретін ойын-сауық орталықтары мен сауда орындары маңайында 80 адамға ауызашар боксы берілді.

«Негізінен ауызашар боксын тарату карантин кезінде өте өзекті болған еді. Аллаға шүкір биыл ауызашарлар мешіттерде, тамақтану орындарында беріліп жатыр. Десе де, жұмыстан, оқудан үйіне қайтып бара жатқан тұрғындарға қуаныш сыйлау мақсатында осы игі істі қолға алдық. Ораза ұстаушы тұрғындарға ниеттері қабыл болсын деген тілегіміз бар. Аталмыш игі іс Рамазан айының соңына дейін тағы да ұйымдастырылады» дейді Динара Құтқожақызы.

Бөлісу: