13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Алматылық имамдар Ихсан ілімі бойынша сынақ тапсырады (фото)

Алматылық имамдар Ихсан ілімі бойынша сынақ тапсырады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы Орталық мешітінде қаланың 8 ауданға қарасты мешіт имамдары арасында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы бойынша сынақ басталды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлының қатысуымен дін қызметкерлері Ихсан ілімі бойынша сынақ тапсырды. Сынақта арнайы билеттегі сұрақтарға ауызша, жазбаша жауап беру арқылы имамдар өз білімін көрсетті.

«Мұндай сынақтар өткізіп, имамдардың білім деңгейін тексеру маңызды. Осы арқылы «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптарды насихаттап, имамдардың ағартушылық қырын аша түсудің мақсат тұттық» деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан.

Айта кетсек, имамдардың «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы бойынша сынақ тапсыруы екі күнге жалғасады.

Бөлісу: