18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Түлектер тұрмысы төмен отбасыға үй сыйлады (фото)

Түлектер тұрмысы төмен отбасыға үй сыйлады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Сарапхана ауылының 2002 жылғы мектеп бітірген түлектері 4 бөлмелі үй тұрғызып, тұрмысы төмен отбасыға сыйға тартты. Сондай-ақ үйге қажетті тұрмыстық заттарды да жинап берді.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Араларыңдағы ең жақсыларың – адамдарға пайдалы болғандарың» деген болатын. 2002 жылғы мектеп бітірген түлектердің сауапты ісі көпке өнеге болды. Бұл – ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бойынша берілген 566-үй. Қоныс иелері үшін берекелі баспана болсын! Осындай игі іске себепкер болған түлектерге Алла сауаптан жазып, екі дүние жақсылығын нәсіп етсін!» деген Қазығұрт ауданының имамы Мұрат Әлімбек оларға Діни басқарма атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданында мұндай іс-шараларды атқару дәстүр болып қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлес қосып келеді. Мысалы, өткен 4-5 жылда мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен балалар ойнайтын алаңдар, екі көшені жалғайтын көпірлер, ауылдық мешіттердің күрделі құрылыс жұмыстары, мектеп жанындағы жабық футбол алаңы т.б. игі-қайырымды істер жүзеге асып, ел игіліне берілді.

Бөлісу: