03
Жұма,
Мамыр

һижри

Әзірет Сұлтан кешенін зиярат ету әдебі туралы құжат қабылданды (фото)

Әзірет Сұлтан кешенін зиярат ету әдебі туралы құжат қабылданды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XXXIV мәжілісінде «Әзірет Сұлтан тарихи кешеніне зиярат жасаудың діни әдебі» құжаты қабылданды.

Құжатта Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат ету тәртібі, кесенеде тыйым салынатын амалдар, әйел қауымының зиярат жасау әдебі жазылған. Сондай-ақ кесенеге келгенде Алладан рақым тілеп, марқұмдарға сәлем беру, марқұмдар рухына Құран аяттарын мүмкіндігінше сауатты оқу, қабірде жатқан кісіге табынбау, кесенені айналып тауап жасамау, кесене қабырғасын сипап, тілек тілемеу, шүберек байламау, т.б. мәселелер қамтылған.

«Бұл ереже Әзірет Сұлтан тарихи кешенін зиярат етудің өзіндік мәдениетін қалыптастыру, зияраттың шариғат тұрғысынан дұрыс орындалуы үшін әзірленді. Зиярат жасаудың әдебі Ислам дінінің негізгі қайнар көздері мен ата-бабаларымыздың дәстүрлері негізінде дайындалды» делінген құжат мәтінінде.

Бөлісу: