16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Алматыда «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» форумы өтті (фото)

Алматыда «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» форумы өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» атты форум өтті. 

Ұлттық кітапхананың «Дін мен дәстүр» залында қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет майталмандары, асабалар мен БАҚ өкілдері бас қосты. Күн тәртібінідегі мәселе – барша той жүргізуші асаба азаматтарды, той иелері мен халықты бірлік пен ізгілікке шақыра отырып, жұрт жиналатын жиындарды салт-дәстүрмен, дінімізбен үйлестіріп, адамға ой саларлық ғибратты етіп өткізуге үндеу. Модератор әрі форум ұйымдастырушысы наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы келген қонақтарға сөз беріп, тақырыптың өзектілігіне тоқталды.

Басқосуда жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, «Қазақ» радиосының ардагер дикторы Аманжан Еңсебаев, кино және театр актері Болат Әбділманов, сазгер Жарылқасын Дәулет, танымал актер Асылбек Боранбай тағы да басқа бірқатар өнер майталмандары мен асабалар өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ тойдағы асабаның басты қызметі мен тойда, ас-жиындарда келеңсіз жайттарға жол бермей, шешендік өнерді насихаттау арқылы жиылған көпшілікке ой саларлық ғибратты өткізудің үлгісін қалыптастыру жайлы ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Жиын соңында сөз алған Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы келген қонақтарға алғысын айтып, көпшілікке «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» форумының үндеуін жариялады.

Бөлісу: