04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Маңғыстау облыстық кітапханасында имандылық бұрышы ашылды (фото)

Маңғыстау облыстық кітапханасында имандылық бұрышы ашылды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қабиболла Сыдиықов атындағыМаңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында рухани-танымдық, имандылық бұрышы ашылды.

Игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. Кітапхана директоры Зәуре Жаншақызы Бас мүфтиге кітапхана бөлімдерін таныстырып, мекеменің оңды бастамалары туралы баян етті. ҚМДБ Төрағасы рухани-танымдық бұрыштың ашылу салтанатында ҚМДБ-ның «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптарды насихаттап, орталық кітапхана төрінен арнайы бұрыш ашып, қолдау білдіргені үшін кітапхана ұжымына алғыс айтты.

«Маңғыстау облысының орталық кітапханасынан имандылық бұрышының ашылуы Діни басқармаға көрсетілген құрмет деп білемін. Имандылық бұрышына негізінен «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген кітаптар қойылды. Бұлар – қоғам сұранысына сай дайындалған, рухани болмысты байытатын еңбектер. Бұл кітаптар тек діни әдебиетке қызығатын оқырмандарға ғана емес, жалпы оқырмандарға да қажет» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы кітапхана қызметкерлерінің Имран мен Әлихан есімді бүлдіршіндерінің тұсауын кесіп, оларға сыйлықтар ұсынды.

Айта кетейік, Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-ға жуық мерзімді басылымдар бар. Сондай-ақ бұл кітапхана аудандар мен қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.

Бөлісу: