19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Медресе директорлары 2021-2022 оқу жылын қорытындылады

Медресе директорлары 2021-2022 оқу жылын қорытындылады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі 9 медресе-колледж директорларының 2021-2022 оқу жылын қорытындылауға арналған онлай жиыны өтті.

Бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков медресе-колледж директорларының оқу жылындағы есебін тыңдап, ұстаздар қауымына алғысын білдірді. Жиын барысында студенттердің оқу үлгерімі, курс бойынша шәкірттер саны, ұстаздар құрамы, медресе сайтының жұмысы, студенттердің ауысу және мемлекеттік аттестация мәселелері сөз болды.

«20-24 маусым күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресе-колледжде қорытынды емтихандар өтті. Биыл медреселерімізді 367 шәкірт тәмамдап отыр. Оның ішінде 253 ер бала бала болса, қалған 114-і – қыз балалар. Барлық медресе-колледж түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілді» дейді бөлім басшысы Смайыл Сүйерқұлұлы.  

Бөлісу: