19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти Құрбан айтқа байланысты аппарат жиналысын өткізді (фото)

Бас мүфти Құрбан айтқа байланысты аппарат жиналысын өткізді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне қатысты іс-шараларды пысықтау үшін арнайы Аппарат жиналысын өткізді.

ҚМДБ қызметкерлері Құрбан айтта ұйымдастырылатын қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндірме жұмыстары, пәтуа беру, санитарлық талаптарды сақтау, т.б. бағыттар бойынша Бас мүфтиге баяндады.

«Құрбан айт – исі мұсылманның ұлық мейрамы. Бұл мейрамды жоғары деңгейде атап өту үшін ҚМДБ жанынан құрылған жұмыс тобы бекітілген жоспарды асқан жауапкершілікпен тиянақты түрде жүзеге асыруы тиіс. Осы бағытта әр бөлім қызметкері өзіне жүктелген жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруы қажет» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы. Бас мүфти жиналыста құрбан шалу рәсімі кезінде қауіпсіздік шараларға жіті мән беру қажеттігін сөз етті. Сонымен қатар жұмыс тобына тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетсек, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді. Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайтын іске қосты.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен уацап нөмірге жіберіледі.

Бөлісу: