16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Көрші ел Құрбан айтта жаппай жеңілдік берілетінін жариялады

Көрші ел Құрбан айтта жаппай жеңілдік берілетінін жариялады

Жаңалықтар
Жарнама

Өзбекстанның туризм және мәдени мұра министрлігі қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында елге жағымды жаңалықтарды бөлісті.

Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрбан айтпен байланысты шілде айының 9-10-12 демалыс күндері тиісті құзыретті орындар барлық ел аумағында мерекелі шаралар ұйымдастырып, жаппай жеңілдік қарастырады. Соның ішінде «Узбекистон хаво йуллари» («Өзбекстанның әуе жолдары») 2022 жылдың шілде айының 9-12 күндері алағында билеттерді ішкі бағыттар бойынша 50% жеңілдікпен сатады. Ал «Узбекистон темир йуллари» («Өзбекстан темір жолдары») 10-24 жас аралығындағыларға ішкі бағыттар бойынша 10%, 25 жастан жоғары ересектерге 15% жеңілдікпен береді. «Уақып» қоғамдық қайырымдылық қорына қарайтын мәдени мұралар нысандары мен ескерткіштерге ересектер үшін 20%, жастар үшін 50% жеңілдік енгізеді.

Сондай-ақ, қонақүйлерді жалдау, қоғамдық тамақтандыру қызметтері, туристік орындар мен мәдени-сауықтық іс-шараларға кең ауқымды жеңілдіктер енгізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: