16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Сall орталық 1 аптада Құрбан айтқа қатысты 120 сұраққа жауап берді (фото)

Сall орталық 1 аптада Құрбан айтқа қатысты 120 сұраққа жауап берді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Тәулік бойы жұмыс істейтін ҚМДБ-ның Діни ақпарат беру орталығы (Call-орталық) маусым айының қорытынды есебін жариялады. Маусым айында республикалық сall-орталыққа 1000-ға жуық қоңырау шалынды.

Тұрғындардың 331-і – құлшылық, 77-сі – отбасы, 10-ы – теріс ағымдар, 55-і – несие-қарыз, 525-і әртүрлі тақырыптағы сұрақтар бойынша хабарласқан. Одан бөлек орталықтың әлеуметтік желілері арқылы да бірнеше сұрақ қойылған.

Орталықтың жұмыс есебіне сәйкес, осы аптада Құрбан айт пен қажылыққа қатысты 120 сұраққа жауап берілген. Бүгін сall орталық қызметкерлерімен кездескен ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет жауапты кезеңде халықтың сұрағына дер кезінде жауап беру қажеттігін қаперге салды.

Еске сала кетейік, кез келген діни мәселені ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ діни ақпарат орталығының (call-center) 8 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне қоңырау шалу, одан бөлек 8 707 662 65 61 уатсап нөміріне немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына хат жолдау арқылы сұрап біле аласыздар.

Бөлісу: