17
Жұма,
Мамыр

һижри

Алматы: Қайырымдылық дүкені ашылды

Алматы: Қайырымдылық дүкені ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласы өкілдігі Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қасиетті жұмамен қатар келген арапа күні “Қайырымдылық дүкені” ашылды.

Салтанатты шарада Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашылу лентасын қию рәсіме қатысты. Шашу шашылып балалар қуанышқа кенелді. Дүкеннің алғашқы тұтынушылары ретінде мұқтаж отбасылар шақырылды. Балаларға ойыншықтар, тұрмыстық заттар, киімдер, кеңсе тауарларын алып қуанышқа кенелген көп балалы аналар ұйымдастырушы қайырымды жандарға алғысын айтты. Дүкеннің ары қарай көмекке зәру жандар игілігіне қызмет етуіне тілеулестік білдірді. 
Құрметті ағайын сіз де “ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІНЕ” қолдау көрсетіп, өз үлесіңізді қоса аласыз. Жақсылық жасауда жарысайық!

дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: