20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Атырау: Махамбет ауданында мешіт ашылды

Атырау: Махамбет ауданында мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында жаңадан мешіт ашылды.

Құлшылық үйінің ашылу рәсіміне Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

«Қасиетті Құрбан айт мерекесінде орай Ақтоғай ауылы ерекше қуанышқа кенеліп отыр. Мешітті «Бастау Констракшн» компаниясының басшысы Ибрагим Аманбайұлы демеушілікпен салып отыр. Азаны бар ауыл азбайды. Мешіт руханияттың, тәрбиенің ордасы ретінде қызмет етеді» деп атап өтті бас имам.

Заманауи үлгіде салынған 150 адамдық мешітте ерлер, әйелдер намаз залы, Құран оқитын бөлме, имамдар бөлмесі бар. Мешіт жанында имам үйі, асхана мен дәретхана орналасқан. 

Бөлісу: