10
Жұма,
Мамыр

һижри

Мұсылмандар жергілікті азық-түлік банкін халал стандартына көшірді

Мұсылмандар жергілікті азық-түлік банкін халал стандартына көшірді

Жаңалықтар
Жарнама

АҚШ-тағы тұрмысы төмен жандарға азық-түлік беріп, көмектесетін Манчестердің “Perry’s Pantrу” азық-түлік банкі шариғат талаптарына сай сойылған етпен қамтамасыз етіледі.

Бұл жайында islam.kz порталы Manchester World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қайырымдылық ұйымы осы Құрбан айт күндері жергілікті мұсылман жамағаты тарапынан шариғат талаптарына сай сойылған еттің мол қорымен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, жергілікті мұсылмандар қаржылай жәрдем беруді арттыратын болды. Қазірдің өзінде мұсылмандар аталған қорды екі айға жететін азық-түлікпен толтырып тастаған екен. Еттен бөлек ас бұршағы, т.б. азық түрлері жеткізілуде. “Perry’s Pantrу” азық-түлік банкінің жетекшісі Йен Саварис бұл тарапта мұсылмандармен ақпарат алмасудың да жолға қойылғанын жеткізді. Аталмыш азық-түлік банкі 2020 жылы ашылған болатын – көптеген адам әлемді шарпыған жұқпалы індетке байланысты жұмысынан айырылған немесе қысқартуға ұшырағандарға қолұшын созу мақсатында ашылған болатын. 2022 жылдың бас кезінде күллі әлем бойынша азық-түлік қымбаттады. Осыған байланысты аталған қорға берілетін көмек те көп азайған еді. Міне, осындай қиын-қыстау кезде мұсылмандар қолұшын созып, жәрдем көрсетуде.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: