11
Сенбі,
Мамыр

һижри

20 тамыз – ХI республикалық Құран жарысына Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді

20 тамыз – ХI республикалық Құран жарысына Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 тамыз күні Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХI республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді.

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша 4 номинациядан ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- Үміткер ҚР ер азаматы болуы тиіс;

- Үміткердің 30 жастан аспаған болуы;

- жарысқа қатысушының жаттаған паралары толық болуы керек, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;

- Үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады;

- Үміткер өз номинациясы бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына аса мән беріледі;

Сондай-ақ, іріктеу сайысына үміткерлер қазақы киім үлгісінде ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар: Үміткердің анкетасы, Жеке куәлік көшірмесі.

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2022 жылдың 16 тамызына дейін iriktey2022mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. Сондай-ақ, әр номинация бойынша үздік жүлдегерлер ХI республикалық Құран жарысына жолдама алады. 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, әрі оны үйреткендерің» деп айтылғандай баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.


Байқаудың жүлделері:

1. Толық Құранды жатқа оқудан:

1-орын (200 000 тг)

2-орын (150 000 тг)

3-орын (120 000 тг)

2. Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (120 000 тг)

2-орын (100 000 тг)

3-орын (80 000 тг)

3. Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (100 000 тг)

2-орын (70 000 тг)

3-орын (50 000 тг)

4. Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын (80 000 тг)

2-орын (50 000 тг)

3-орын (35 000 тг)

Қосымша ақпарат үшін: + 7 775 475 00 83 - Қуаныш қари Тоқсанбайұлы (Байланыс: 10:00-18:00)

дереккөз: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: