10
Жұма,
Мамыр

һижри

Алматы: Орталық мешіт дін қызметкерлерімен толықты

Алматы: Орталық мешіт дін қызметкерлерімен толықты

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы Орталық мешіті дін қызметкерлерімен толықты.

Бас мүфти бұйрығымен Алматы облысының бас имамы болып тағайындалған Мадияр Пірімқұловтың орнына Тимур Әлиев "Мүзәммил" мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітке ұстаздық қызметіне тағайындалған Ерлан Киізбаевты жамағатқа таныстырды. Орталық мешітте жамағат жүрегіне жол тауып, қайырымдылық жұмыстарында қажырлы еңбек еткен Мадияр Пірімқұловқа жамағат қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, алдағы дін қызметін абыроймен атқаруына ақ жол тілеп, бата берді.

Жаңадан тағайындалған дін қызметкерлеріне қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы дін қызметінде ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, сенімді ақтауға сәттілік тіледі.

Бөлісу: