Алғашқы халал ЭКО ондаған баласыз жұпқа бақыт сыйлады

Алғашқы халал ЭКО ондаған баласыз жұпқа бақыт сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

Шешенстанда перзент сүйе алмай жүрген ондаған жұп осы көктемде аталған республикада алғаш рет ашылған репродуктивті денсаулық орталығының көмегімен ата-ана атанды.

Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл орталықтың өзге ЭКО оралықтарынан айырмашылығы сонда – оның қызметі толық шариғат талаптарына сай келеді. Мәселен, бұл орталықта жасуша донациясы жоқ. Яғни, өзгенің немесе бөгде адамның ұрығы пайдаланылмайды. Дәлірегі, бұл орталықтың қызметіне заңды жолмен некелескен ерлі-зайыптылар жүгіне алады. Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелгендерге тегін қызмет көрсетіледі. Өткен жылы Шешенстанның 650-ге тарта тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінен осы ЭКО-орталығына жолдама берілген. Ашылғалы бері аталған орталықтың көмегімен экстракорпоралды ұрықтандыру бойынша 30 бағдарлама жүзеге асырылған.

дереккөз:  islam.kz

Бөлісу: