Ақтөбе: Қалалық мешіт жанынан намазхана құрылысы басталды

Ақтөбе: Қалалық мешіт жанынан намазхана құрылысы басталды

Жаңалықтар
Жарнама

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің артындағы намазхана жобасының құрылысы басталды.

Жобаның  іргетасын қалауға қала әкімі Асхат Шахаров арнайы келіп қатысты. Құрылыстың  сәтті болып, халық игілігіне ұзақ қызмет еткей деген ниетпен әуелі Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Құран оқып, дұға жасады. Игі іс басында құрбан шалынып, ақсақал аталарымыз бата беріп, ізгі тілектерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құрылыс жобасы мешітке жиналған жамағаттың қарасы көбейіп, әсіресе,  жұма намазы, айт күндері мен Рамазан айында жиылған жұртшылықтың сыйымдылығын арттыру мақсатында қолға алынған болатын. Құрылыстың аумағы 450м² қамтиды.

Аталған намазхана құрылысына атсалысып, қолдау білдіруші барша жұртшылық пен жомарт азаматтарға ерекше алғысымызды білдіріп, еселі сауапқа қауышуын тілейміз!

 

Бөлісу: