26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Бір кәсіпті меңгер» түлектері сертификат алды

«Бір кәсіпті меңгер» түлектері сертификат алды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры Алматы қаласы өкілдігі және “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен Алматы орталық мешіті жанынан ашылған “Бір кәсіпті меңгер” тігін курсының екінші түлектері бітіріп шықты. 

Курс аяқталуына орай сертификат табыстау рәсіміне Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан қатысып, курсқа қатысқан нәзік жанды әйел қауымына кәсіп меңгеру турасында насихат айтып, курсты аяқтағаны жайлы сертификат және 10.000 теңге көлемінде азық-түлік сертификатын табыстады. Шара соныңда батасын беріп дұға жасады. Нарық заманының әрі кәсібі әрі хоббиі іспеттес болған тігін курсын аяқтаушы ханымдар ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.

Бөлісу: