28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Уақып» қоры жамағатқа сауалнама жүргізді

«Уақып» қоры жамағатқа сауалнама жүргізді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Уақып» қорының мамандары «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына блиц-сауалнама жүргізді. Сауалнама тақырыбы – «Садақа жария», яғни сарқылмайтын сауаптың кепілі болатын уақып садақасы. 

Үзілмес сауаптың қордасы болған уақып жайлы сауалнаманың мақсаты – «уақыпты» насихаттау. 

Сауалнама барысында респонденттерге «Сіз садақа жасайсыз ба?», «Садақаның сұлтаны жайлы естуіңіз бар ма?», «Уақып садақасы туралы білесіз бе?», «Уақып садақасына не жатады?» деген секілді сұрақтар қойылды. Нәтижесінде респонденттердің барлығы садақа беретіні анықталды. Жамағаттан алынған жауаптар бойынша, олар көбіне мешітке, немесе мұсылман мерекелерінің қарсаңында (пітір садақасы, айтта, құрбан айтта, рамазан айында және т.б.) садақа береді екен.

Кейбір респонденттердің уақып жайлы хабардар екендігін анықталды. Олар: «Уақып садақасына мешіт салу, медресе салу, діни оқулықтармен мешіт/медрселерді қамту жатады» деп жауап берді.  Уақып садақасы жайлы ақпарат берілгеннен кейін респондентерге келесі сұрақтар қойылды: «Сіз сарқылмайтын сауапқа қол жеткізгіңіз келе ме?», «Сіз уақып садақсын бергіңіз келе ме?». 

Бұл сұраққа барлық респондент оң жауап қатты. Кейбір респонденттердің ерекше жауабы:

  1. Мешіттерге Құран сыйлағым келеді;
  2. Мешіттерге діни/рухани заттарды сыйлағым келеді (тәспі, оқулықтар, анықтамалар);
  3. Меккеге барып құрма ағашын отырғызғым келеді.

Сауалнамаға қатысқан адамдарғаҚМДБ «Уақып» қорынының серіктесі ZHANTAQ команиясының ZHANTAQ TEA сусыны сыйға берілсе, блиц-сауалнаманы «Уақып» қорының мамандары Айбибі Бектасқызы мен Ақмарал Жеңісбекқызы жүргізді.

Бөлісу: