02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Үшқоңыр» медресе-колледжі талапкерлерді қабылдады

«Үшқоңыр» медресе-колледжі талапкерлерді қабылдады

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы облысында орналасқан «Үшқоңыр» медресе-колледжінде» талапкерлерді 2022-2023 оқу жылына қабылдау  емтиханы өтті.

Биылғы қабылдаудың ерекшелігі  оқуға түсуге ниеттенген талапкерлер санының көптігінде болды. Нақтырақ айтсақ, 241 талапкер оқуға құжат тапсырса, оның 120-сы ұл бала, 121-і қыз бала. Сондай-ақ 20-сы – үздік аттестатпен келген талапкерлер.

Емтихан қабылдау коммисиясы құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Маратұлы (төраға), «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Қуаныш Наржанов пен колледж директоры Абзал Майлыбайұлы, директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Бердімұрат Бекболат пен әдіскер Жабаров Әбдіманап, арнайы пән оқытушылары Хуат Хайрат, Төкеш Нұрғали мен Қиясбек Бақдаулет сынды ұстаздар болды.

Емтихан тест және сұхбаттасу арқылы жүргізілсе, 241 талапкердің ішінен 65 талапкер сүрінбей өтіп, студент атанды.

Бөлісу: