29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Қостанай облысында бас мүфтидің қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы өтті (фото)

Қостанай облысында бас мүфтидің қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысы Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Бас мүфти халықты тосыннан келген сынаққа сабыр етуге шақырып: «Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат бәріміздің жанымызға батуда. Біз, дін қызметкерлері өрт салдарынан зардап шеккен жандармен біргеміз. Бүгін осы өңірге арнайы келіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Еліміз бойынша мешіттерде дұға жасалуда. Алла Тағала тілсіз жауды тезірек ауыздықтауды нәсіп еткей. Жарақат алған жандардың жуық арада сауығып кетуін тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деді.

Айта кетсек, қайырымдылық акция аясында 120 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік таратылды.

Бөлісу: