17
Жұма,
Мамыр

һижри

«Уақып» қорының мамандары имамдармен сұхбаттасты

«Уақып» қорының мамандары имамдармен сұхбаттасты

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Уақып» қорының маманы Айбибі Бектасқызы мен «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының маманы Ақмарал Жеңісбекқызы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мешіттердің имамдарымен сұхбаттасты.

Сұхбат барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев, «әл-Ғани» мешітінің наиб имамы Хамит Мырзагелдиев, «Көктал» мешітінің наиб имамы Бердімұрат Қасымов, «Ырыскелді қажы» мешітінің наиб имамы Сейіт Нұрқанов қазіргі таңда халықтың көкейінде жүрген жерлеу рәсімдеріне, жоқтауға, қабірді зиярат етуге қатысты діни сауалдарға жауап берді.

Әйелдерге жерлеу рәсіміне қатысуға бола ма? Құлпытасқа сурет салуға бола ма? Марқұмды жоқтаған дұрыс па? Бір қабірге бірнеше кісіні жерлеуге бола ма? Осы және басқа да сұрақтар төңірегіндегі имамдардың жауабы @waqf.kz және @qamqor_sharapat инстаграм парақшаларына жарияланады.

Бөлісу: