16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қонаев қаласында «Құранға қадам» байқауы өтті

Қонаев қаласында «Құранға қадам» байқауы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Қонаев қаласындағы Алматы облыстық орталық мешітінде республикалық «Құранға қадам» байқауы қорытыланды. Қыздар арасында өткен Құран байқауы Жәләлайн тәпсірі бойынша 30-парадан өткізілді.

Іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысып, ақ тілегін арнады. Байқауда Малайзия Ислам университетінің түлегі, Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты, Халықаралық Құран жарысының жүлдегері Жанат Алдияр, әл-Азһар университетінің түлегі, Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы Жадыра Сариева және ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы облысындағы жетекшісі, ұстаз Гүлмира Ілесбай сынды білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.

Нәтижесінде І орынды  Мәриям Оразымбетқызы (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті) жеңіп алды. ІІ орынды  Мухлиса Шерзатқызы (Шымкент медресе колледжінің шәкірті), ІІІ орынды Меруерт Бақдаулетқызы (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің резидентура бойынша І курс студенті) иеленді.

Жүлделі орын алған қатысушылар қаржылай сый-сияпатқа ие болды. Бұдан бөлек «Үздік қатысушы» аталымы бойынша Алина Досболқызы, Гаухар Ақмалжанқызы және Мөлдір Нұрболатқызы марапатталды.

Бөлісу: