16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Өскеменде Құран байқауына іріктеу өтті

Өскеменде Құран байқауына іріктеу өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XI Республикалық байқауының іріктеу сайысы өтті.

Шараға өңірге қарасты аудан, қалалардан 10-нан астам үміткерлер қатысып, Құранның қоңыр сазы әуеледі. Сайысқа өңірдің ұстаздары мен имамдары қазылық жасады. Іріктеу бәсекесіне қатысушылар 10 пара, 20 пара, 30 парадан және мәнерлеп оқудан сынға түсті. Қатысушылар қасиетті Құранда бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғандықтарын көрсетті.

Сайысты қорытып сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев: «Іріктеу сайысы Құран оқудың шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Сайысқа жасөспірімдер аса ынталы қатысты. Дініміздің алтын діңгегі-қасиетті Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған шәкірттерімізге алғыс білдіреміз» деді.

Сайыстан 30 пара бойынша өскемендік Темірлан Сұңғатұлы, 20 парадан Алтай ауданынан келген Дмирий Евгенийұлы, 10 парадан өскемендік Мұстафа Ерболұлы, мәнерлеп оқудан Білал Үмітханұлы озып шығып, Республикалық сайысқа қатысуға сертификат алып, сыйлықтарға ие болды.

Іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге алғысын білдірген қазылар алқасы алда болатын республикалық байқауға сәттілік тіледі.

Бөлісу: