12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Атырау халқы қостанайлықтарға 50 тонна көмек жіберді (Видео)

Атырау халқы қостанайлықтарға 50 тонна көмек жіберді (Видео)

Жаңалықтар
Жарнама

Атырау облысы тұрғындарының қолдауымен Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберілді.

50 тонна болатын көмекті жанашыр атыраулық азаматтар жүк көлігімен Қостанайға жеткізбек.

Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға гуманитарлық қолдау қысқа мерзім ішінде жиналды. Асарға жергілікті билік органдары, «Amanat» партиясы, Атырау облысының қала, барлық аудандардағы мешіттері және де жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, қарапайым халық атсалысты.

«Қайғыны бөліссе, азаяды. Осындай сын сағатта халқымыздың бірлігі көрінеді. Қостанайлықтарға Алла сабыр берсін. Біз біргеміз» деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Бөлісу: