04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Шымкент: Ахмет Байтұрсынұлын еске алып, дұға бағыштады

Шымкент: Ахмет Байтұрсынұлын еске алып, дұға бағыштады

Жаңалықтар
Жарнама

Биыл Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл. Осыған орай Шымкент қаласының мешіттерінде тарихи тұлғаны еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Дін қызметкерлері мешіт жамағатымен бірге бесін намазынан бұрын қасиетті Құранды тіләуат етіп, дұға жасады.  

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға. Ол 1905 жылы педагогикалық училищені бітірген соң, еліміздің әртүрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық қызмет етті, жатпай-тұрмай еңбек етіп, қайткенде қазақ халқының көзін ашуға, санасын оятуға барын салды. Қазақ халқының алдыңғы елдердің қатарында болуы үшін ең алдымен оқу-ағарту ісін алға қою керек екендігін түсінген А.Байтұрсынұлының оқу-ағарту идеясы, оның қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізіне айналды. Бір сөзбен айтқанда, ол өзінің барлық саналы ғұмырын қазақ қоғамында білім мен ғылымның дамуына, ағартушылық ісіне арнады.

Бөлісу: