20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алматы: «Әсем киім әлемі» мұсылман әйелдерінің сән байқауы өтті

Алматы: «Әсем киім әлемі» мұсылман әйелдерінің сән байқауы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

18-қыркүйек күні Алматы қаласы, Қазақстан қонақ үйі Grand Ballroom залында ҚМДБ Алматы өкілдігі мен әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Әсем киім әлемі" мұсылман әйелдердің сән байқауы өтті. 

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы сән байқауының салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, сәттілік тілеп батасын берді. Мұсылман қазақ әйелдерінің заманауи сән сайысында әділқазылар алқасының құрамын ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгеруші Динара Құтқожа, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, стилист моделер Фарида Мерхамитқызы, Дизайнер Әлия Мәжитқызы, Әйел денсаулығы бойынша маман, «Алматы әйелдер орталығы» қыз-келіншектер дамыту академиясының негізін қалаушы Лаура Сейітбек және эстрада жұлдызы, әнші Индира Елемес толықтырды. Алматы қаласы бойынша мұсылман әйел киімдерін тігуде үздік дизайнерлер қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Сәндік байқауға қатысуға 20-дан астам дизайнерлер өз өтініштерін білдіріп, ұйымдастырушылар талабына сай деп танылған 13 дизайнерлер топтамасы сайысқа қатысуға жолдама алған болатын. Қазылар алқасы кіл жүйрікте кім жүйріктен үздік үштікті барлық шарт пен талапқа сай дизайнерлерді анықтады. Мұсылман сәндік киімдер көрсетілімі барысында кимешек шеруі, мектеп киім үлгісі, спорттық киім топтамалары мен сәндік киім үлгілері көрермен қызығушылығын арттырды. Таласты өткен сән байқауы талғамы мықты талапты қазылар талқысынан өтіп, үздік үштік анықталды. Атап айтсақ,

І-орын 200 000 теңге "ZUFA" атауымен дизайнер Зулфия Ақатаеваның сәндік киімдер топтамасы;

ІІ-орын 150 000 теңге "Sister stil" стилист Жұлдыз Шарипованың дизайнерлік бас киім мен киім үлгілері топтамасы;

ІІІ-орын 100 000 теңге "Даналық" сәнді киімдер топтамасын қалыптастырушы Дана Тұрарбек үздік деп танылды.

Ендігі кезекте Республикалық деңгейде Елордада өтетін дүбірлі сән сайысына Алматы қаласының атынан "ZUFA" атауымен дизайнер Зулфия Ақатаеваның сәндік киімдер топтамасы қатысатын болады. "Байқау өткізудегі мақсат, мұсылман әйелдерінің қазақи нақышта әсем киім әлемін қалыптастырып, қыз-келіншектерге шариғат шәлісі мен заманауи киім үлгілерін насихаттау болмақ", - деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.

Стилист Жұлдыз Шарипова, блогер Алия Шайх шеберлік сағаттарын өткізіп, сұрақ-жауап айдарының жеңімпаздары мен барлық байқауға қатысушы дизайнерлерге, атап айтсақ Перизат Ғаниқызы, Ниетхабыл Гүлжан, Қонаева Анел, Даяна Бақытқызы, Жантелиева Алима Қуанышбекқызы, Мұхтарова Әйгерім Серікқызы, Жолдыбаева Сандуғашқа Алматы әйел-қыздар секторының меңгеруші Гүлмира Ілесбайқызы бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Бөлісу: