Павлодар: Шідерті кентінде алғашқы мешіт ашылды

Павлодар: Шідерті кентінде алғашқы мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Павлодар облысы Екібастұз ауданына қарасты Шідерті кентінде жаңадан салынған мешіт мұсылман жамағатының пайдалануына берілді.

Қарапайым халықтың және демеушілер көмегімен бой көтерген Алланың ақ үйінде бір мезетте 100 ге жуық адам құлшылық ете алады.

 Бұл имандылық үйі – Шідерті кентінің алғашқы салынған мешіті. Мұнда келуші жамағатқа барлық жағдай жасалған.

Ашылу салтанаты Акбарқожа қари Омарұлының Құран оқуымен басталып ауыл ақсақалының бата беруімен жалғасты. Одан кейін Шідерті кентінің әкімі мен Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды құттықтай келе, осы сауапты істің басында болған  Жәрдембек Моңғолхан бастаған азаматтарға алғыс хат, сый-сияпаттар табыс етті.

Сонымен қатар Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Дулат Қабиденұлы және Шідерті кентінің құрметті азаматы Серік Асылбекұлы бастаған ауыл ақсақалдары сөз алып ауыл халқын  құттықтап, жастарды имандылық ордасына тұрақты келіп білім алуға, Жаратушыға құлшылық-ғибадат жасап тұруға кеңес берсе, әнші-ақындар жырмен шашу шашты.

Бөлісу: