19
Жұма,
Сәуір

һижри

«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының алғашқы семинары өтті (фото)

«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының алғашқы семинары өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін елордадағы Республикалық бас мешітте «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының алғашқы семинары өтті.

Семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Шоқан, Оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев, орталықтың өңірлердегі филиалдарының директорлары қатысты.

Басқосу барысында орталықтың тыныс-тіршілігі, өңірлердегі филиалдардың жұмысы талқыға салынып, алдағы жоспарлары ұсынылды. Жиын соңында Бас мешіттің төменгі қабатында орналасқан орталықтың қызмет көрсету орны іске қосылды.

Айта кетейік, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен зират тұрғызуда ысырап пен бәсекеге жол бермей, жалпыға ортақ жерлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылған болатын.

Бөлісу: